Переключение языка
Русский | Қазақша

LUKOIL

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

LUKOIL


LUKOIL – үлесіне әлемдік мұнай өндірудің 2%-дан жоғары бөлігі және дәлелденген көмірсутек қорының шамамен 1%-ы тиесілі әлемдегі ең ірі жария тік біріктірілген  мұнайгаз компанияларының  бірі.  


Күн сайын Компания өнімін, қуаты мен жылуын  өз өмірінің сапасын жақсарта отырып, әлемнің 100-ден аса елдерінде миллиондаған адамдар сатып алады. 100 мыңнан аса адам әлемдік нарықта Компанияның және оның алғы позицияларының тиімді дамуын қамтамасыз ету үшін өз күштері мен дарындарын біріктіреді.


ECTO ФИРМАЛЫҚ ОТЫНЫ

ECTO

Жақсартылған пайдаланымдылық және экологиялық қасиеттерге ие LUKOIL инновациялық отындар желісі. “ECTO” брендінің отыны ерекше қасиеттерге ие және автомобильдердің кез-келген үлгілері үшін өте қолайлы.

Бірегей құрам

ECTO фирмалық отынының ерекше құрамы қозғалтқыштарды күйенің пайда боулынан, отындық жүйенің жемірілуінен қорғайды және пайдаланылған  газдардағы зиянды заттар мөлшерін азайтады. Арнайы компоненттер зауыттық баптауларға сәйкес қозғалтқыштың жұмысын қамтамасыз ете отырып, инжектордың және енгізу клапанының тазалығын сақтап тұрады.

Абсолюттік  қуат

Табиғи жоғары октандық компоненттің негізіндегі базалық формулаға ие абсолюттік қуат. ECTO 100 қозғалтқыштың қуатын арттырады, екпін динамикасын жоғарылатады және отын шығынын азайтады.

ECTO мен LUKOIL-мен бірге өзіңіздің автомобиліңіздің қуаты мен қызмет көрсету мерзімін арттырыңыз.

GENESIS МОТОР МАЙЫ

Бұл қозғалтқыштарға жаңа қорғаныс, сенімділік және үнемділік деңгейіне шығуға мүмкіндік беретін инновациялық молекулалық технологияларды пайдалана отырып жасалған бірегей синтетикалық майлар.


Халықаралық ғалымдар тобының тәжірибесі, заманауи қозғалтқыштардың құрылымдық ерекшеліктері LUKOIL GENESIS серияларын дайындауға негіз болды. GENESIS желісінің әрбір майы бірегей молекулалық қосылыстардың арқасында қол жеткізілетін және автомобильдердің әртүрлі өндірушілерінің қозғалтқыштарындағы сынақтамалармен расталған өзінің  мамандануына және жақсартылған қасиеттерге ие. LUKOIL GENESIS майларында қолданылған жаңа жетілдірілген технология қозғалтқыш бөлшектеріне теңдессіз сенімді қорғанысқа кепілдік бере отырып, керемет молекулалық беріктікке ие.


Қоржын әртүрлі қозғалтқыш түрлеріне  олардың құрылмалық ерекшеліктері мен жұмыс режимін ескере отырып бағдарланған өнімдер сериясынан тұрады. Бекітілген қасиет деңгейлерін халықаралық мақұлдауға және растауға қол жеткізу үшін «API, ACEA және автомобиль жасаушыларының талаптарына сәйкес болу үшін қозғалтқыштардағы натуралық сынау бағдарламасы» жүргізілді. Сынақ LUKOIL GENESIS майлары сапасының ең жоғарғы деңгейін растаған АҚШ және Еуропаның алдыңғы қатарлы зертханаларымен жүргізілді.

 

LUKOIL Café

LUKOIL АЖС-ның әрбір аялдамасы Сіз үшін лайықты демалыс болады. Жаңа ұнтақталған кофенің хош иісі мен ізгі ниетті ахуал үйдегі жайлылық сезімін тудырады, ал әртүрлі мәзір біздің қонақтарымыздың кез-келген талғамдары мен қалауларын ескереді.

 

Сергігіңіз келеді ме?

LUKOIL АЖС-дағы хош иісті кофені ішіп көріңіздер. Бленд Бразилия, Колумбия және Вьетнамнан алынған дәндерді  үйлестіреді, орташа қарқындылығымен, ашық қышқылдығымен және теңдестірілген ащылығымен ерекшеленеді.


Тойып тамақтанғыңыз  немесе өзіңізді тәттілермен еркелеткіңіз келеді ме?

Сіздердің көз алдарыңызда балғын ингредиенттерден жасалатын дәмді сөлді және тәбетті ашатын хот-догтың дәмін байқап көріңіздер. Тәтті және дәмді донаттар жолда сіздерді міндетті түрде қуантады.


  LUKOIL Café-нің жайлы әлеміне қош келдіңіздер

ФРАНЧАЙЗИНГ

ДАЙЫН ТҰЖЫРЫМДАМА


LUKOIL  серіктестеріне АЖС қызметін оңтайлы жоспарлау мен ұйымдастыру бойынша шешімдердің дайын базасын, сондай-ақ отын сатудың жалпы көлемінде  айтарлықтай үлесі бар жоғары маржиналдық өнімдер қоржынын ұсынады.

Серіктес болу